Өрлеу

ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ЦИФРЛЫҚ ПРОФИЛІН БАҒАЛАУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ЦИФРЛЫҚ ПРОФИЛІН БАҒАЛАУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен оқытушыларына арналған вебинар өтті. Іс-шара педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және кәсіби цифрлық профильді бағалау парағын қолдану тәртібін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Вебинарда «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы директорының орынбасары К. Байкатова және БҚО әдістемелік орталығының әдіскері З. Тажикбаева баяндама жасады. Спикерлер педагогтердің кәсіби цифрлық профилін бағалау парағының ерекшеліктеріне тоқталып, оны қолдану тәртібін түсіндірді.

Кездесу барысында қатысушылар тақырыпқа қатысты сұрақтарын қойып, спикерлерден түсініктемелер алды. Вебинар әдіскерлер мен оқытушылардың кәсіби цифрлық профильді бағалау жөніндегі түсінігін кеңейтіп, осы бағыттағы жұмысқа қажетті әдістемелік ақпарат алуына мүмкіндік берді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ЦИФРЛЫҚ ПРОФИЛІН БАҒАЛАУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ — Өрлеу