СҚО педагогтері «Қаржылық сауаттылық негіздері» жобасы бойынша 5 күндік оқытудан өтті.

5 күн бойы Солтүстік Қазақстан облысының педагогтері ҚР Ұлттық Банкі базасында Ұлттық Банк және «Өрлеу» БАҰО» АҚ бірлесіп жүзеге асыратын «Қаржылық сауаттылық негіздері» республикалық білім беру жобасы аясында білім алды.
Осы аптада қатысушылар қаржылық сауаттылық бойынша білімдерін жүйелеп, өзекті қаржылық мәселелерді талқылады және білім алушылармен жұмыс барысында қолдануға болатын практикалық материалдармен танысты.
Мұндай оқудың құндылығы тек жаңа білім алумен шектелмейді. Қаржы туралы түсінікті тілмен, өмірлік мысалдар арқылы айтып, білім алушылардың жеке қаржысына жауапкершілікпен қарауына ықпал ету де маңызды.
Курсты сәтті аяқтауларыңызбен құттықтаймыз!
Басқа жаңалықтар

Руслан Ким: «Кибералаяқтықтан қорғану туралы модуль ерекше пайдалы болды»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Жетісу облыстық филиалында «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында ұйымдастырылған курстың тыңдаушысы Руслан Ким оқу барысындағы әсерімен бөлісті.

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕГЕ
Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарында меңгерген білімдері мен дағдыларын педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдануы – үздіксіз кәсіби дамудың маңызды шарты.

Педагогтер «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсынан өтуде
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ҚР Ұлттық Банкімен бірлесіп, педагогтердің қаржылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған ауқымды жобаны жүзеге асырып келеді.