ТРЕНЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІ: АШЫҚ САБАҚТАР ЖӘНЕ ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

Тренерлердің кәсіби даму аптасы аясында «Өрлеу» БАҰО АҚ
Шымкент қаласы бойынша КДИ филиалында «Тренердің педагогикалық шеберлігі: ашық
сабақтар және өзара тәжірибе алмасу» тақырыбында кәсіби тәжірибе алмасу
іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға жауапты филиалдың «Қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Шойманова М.Б.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тренерлердің кәсіби
тәжірибесін зерделеу, ашық сабақтарға өзара қатысу арқылы тиімді педагогикалық
әдістерді анықтау, сабақ беру сапасын жетілдіру және кәсіби рефлексия
мәдениетін қалыптастыру.
Бағдарлама аясында тренерлер ашық сабақтар өткізіп,
әріптестерінің сабақтарына қатысып, педагогикалық бақылау мен әдістемелік
талдау жүргізді. Сабақ барысында оқу мақсаттарының нақтылығы, оқыту әдістерінің
тиімділігі, ересектерді оқыту ерекшеліктері, тренер мен тыңдаушылар арасындағы
өзара әрекеттесу, бағалау және кері байланыс, цифрлық құралдарды қолдану,
сондай-ақ тренердің кәсіби шеберлігі назарға алынды.
Рефлексия жасау мақсатында «Four corners» әдісі арқылы
тренерлердің кәсіби оқыту тәжірибесіндегі маңызды сұрақтар талқыланды.
Өзара сабақтарды талқылау барысында «Екі тиімді тәжірибе
– бір кәсіби сұрақ – бір даму ұсынысы» форматы қолданылды. Бұл тәсіл
әріптестердің тәжірибесіндегі тиімді әдістерді анықтауға, педагогикалық
шешімдердің мәнін тереңірек түсінуге және сабақ сапасын арттыруға бағытталған
нақты ұсыныстармен бөлісуге мүмкіндік берді.
Іс-шараның ерекшелігі – бағалаудан гөрі қолдауға, сын
айтудан гөрі кәсіби диалог пен дамытушы кері байланысқа басымдық берілуі.
Осындай кәсіби кездесулер тренерлердің әдістемелік
әлеуетін арттырып қана қоймай, өзара сенімге, ынтымақтастыққа және үздік
тәжірибені таратуға негізделген кәсіби орта қалыптастырады.
Үздіксіз кәсіби даму – сапалы білім берудің негізі!
Басқа жаңалықтар

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖИ ҚҰРАЛДАРЫ: ТИІМДІ ӘДІСТЕР ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
Филиал қабырғасында «Үштік спираль» моделі негізінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға және курста меңгерген білімдерін тәжірибеде қолдануына бағытталған курстан кейінгі қолдау вебинары ұйымдастырылды.

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ: ТИІМДІ ТӘСІЛДЕР МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР
Филиалда педагогтерді курстан кейінгі қолдау аясында «География пәнінде ЖИ құралдарын тиімді пайдалану жолдарын көрсету және мұғалімдердің ЖИ арқылы оқу тапсырмаларын құрастыру қабілеттерін дамыту» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды.

АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
Жетісу облысында педагогтерді аттестаттау рәсіміне қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.