Өрлеу

«ПИЛОТТЫҚ ЖОБА: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР ПЕДАГОГТЕРІН АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ»

«ПИЛОТТЫҚ ЖОБА: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР ПЕДАГОГТЕРІН АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына, әдіскерлеріна және педагогтеріне арналған онлайн-вебинар өтті.

Вебинардың мақсаты пилоттық жоба аясында педагогтерді аттестаттау тәртібін түсіндіру, бағалау рәсімдерінің ерекшеліктерін талқылау және қатысушылардың сұрақтарына жауап беру. 

Аттестаттау - педагогтің кәсіби қызметін бағалаумен қатар, оның кәсіби детістіктерін айқындауға және одан әрі даму бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін маңызды үдеріс. Осы ретте педагогтер үшін аттестаттау рәсімдерінің түсінікті болуы, бағалау талаптарының бірізді қолданылуы және нормативтік құжаттардың дұрым түсіндірілуң ерекше маңызға ие.

Модератор спикері: Гүлден Есмұратқызы Мұхамбетжанова - «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Педагогтерді есепке алу және дамыту департементінің директоры.

Спикер баяндамасының негізгі бағыттары:
1. №159-НҚ бұйрығы бойынша пилоттық жобаның мақсаты мен ерекшеліктері.             
2. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің пилоттық жобаға қатысу шарттары.             
3. Аттестаттау кезеңдері және біліктілік санатын беру немесе растау тәртібі.                     
4. Педагогтердің кәсіби қызметін бағалау және қажетті дәлелдемелер.                              
5. Қолданыстағы біліктілік санатының сақталуы.                                                                        
6. Аттестаттау барысында туындайтын практикалық мәселелер.

Біздің ортақ мақсатымыз - педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсету және білім беру сапасын арттыруға ықпал ету.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ПИЛОТТЫҚ ЖОБА: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР ПЕДАГОГТЕРІН АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ» — Өрлеу