Өрлеу

Мемлекет басшысының Жолдауы: ел дамуының басым бағыттары

Мемлекет басшысының Жолдауы: ел дамуының басым бағыттары

28 қазанда «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының өзекті міндеттеріне арналған Жолдауын тыңдады.

Жолдауда білім беруді дамыту, педагогтердің құқықтары мен кәсіби абыройын қорғау, мұғалімдердің артық жүктемесін азайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы цифрлық технологиялар ұстаздың жұмысын жеңілдетіп, сапалы білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндік жасауы керектігін атап өтті.

Цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу, заң мен тәртіпті нығайту, әр азаматтың жауапкершілігін арттыру да маңызды бағыттардың қатарында.

Білім беру саласы үшін бұл міндеттер педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсетуді, білім сапасын арттыруды және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруды көздейді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Мемлекет басшысының Жолдауы: ел дамуының басым бағыттары — Өрлеу