Өрлеу

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖИ: МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ИНТЕРАКТИВТІ ТӘСІЛДЕРІ

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖИ: МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ИНТЕРАКТИВТІ ТӘСІЛДЕРІ

Филиалда «Оқу сауаттылығы және ЖИ: мәтінмен жұмыс істеудің интерактивті тәсілдері» тақырыбында курстан кейінгі қолдау вебинары өткізілді.

Курстан кейінгі қолдау жұмыстары «Үштік спираль» моделі негізінде ұйымдастырылып, педагогтердің біліктілікті арттыру курсынан кейінгі үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз етуге, алған білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолдану жолдарын жетілдіруге бағытталған.

Вебинар барысында оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдары, мәтінді талдау мен түсінудің интерактивті тәсілдері, жасанды интеллект құралдарын сабақта тиімді пайдалану мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға аталған бағыттар бойынша практикалық тапсырмалар жүйесі ұсынылды.

Сонымен бірге педагогтердің зерттеу жұмыстары таныстырылды. Атап айтқанда:

·  «Синтетикалық және аналитикалық оқылым: әдеби шығарманы тұтастан бөлшекке және бөлшектен тұтасқа қарай талдау әдістемесі (Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасы бойынша)»;

·  «Әдеби зертхана: қазақ әдебиеті сабағындағы цифрлық білім беру кеңістігін құру»;

·  «Арал өңірінің әдеби мультимедиялық картасы»;

·  «Өмірзая» романы: кейіпкерлер жүйесіндегі өмір шындығы және ұлттық-ғаламдық құндылықтар сабақтастығы».

Вебинар аясында оқу мен оқыту үдерісінде кездесетін өзекті кедергілер талқыланып, тиімді педагогикалық тәжірибелер ортаға салынды. Сондай-ақ алдағы кезеңде жүзеге асырылатын курстан кейінгі қолдау жұмыстарының бағыттары сараланды.

Педагогтердің кәсіби дамуына жүйелі әдістемелік қолдау көрсетуді, озық тәжірибелерді зерделеу мен таратуды және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды тиімді енгізуге бағытталған жұмыстар алдағы уақытта жалғасатын болады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖИ: МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ИНТЕРАКТИВТІ ТӘСІЛДЕРІ — Өрлеу