Өрлеу

КУРСТАН КЕЙІНГІ СҮЙЕМЕЛДЕУ: БІЛІМДІ ТӘЖІРИБЕМЕН ҰШТАСТЫРУ

КУРСТАН КЕЙІНГІ СҮЙЕМЕЛДЕУ: БІЛІМДІ ТӘЖІРИБЕМЕН ҰШТАСТЫРУ

Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарында алған білімдерін тәжірибеде тиімді қолдануына қолдау көрсету және кәсіби дамуына бағыт-бағдар беру мақсатында «Өрлеу» филиалы Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Наталья Прохорова №17 жалпы білім беретін орта мектепке барып, педагогтермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында педагогтердің курстан кейінгі кәсіби қызметі зерделеніп, оқу барысында меңгерген жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ үдерісінде қолдану ерекшеліктері қарастырылды. Мұғалімдердің тәжірибелік жұмыстары талданып, білім беру үдерісінде кездесетін өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, педагогтердің сұрақтарына жауап беріліп, әдістемелік ұсыныстар мен практикалық кеңестер берілді.

Курстан кейінгі сүйемелдеу – педагогтің кәсіби өсуіне ықпал ететін, курста алған білімін нақты тәжірибемен ұштастырып, оқыту сапасын арттыруға бағытталған маңызды жұмыс. Мұндай кездесулер педагогтерге жаңа білімді тәжірибеде бекітуге, өз жұмысына талдау жасауға және кәсіби құзыреттілігін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

«Өрлеу» – педагогтің кәсіби дамуына курстан кейін де қолдау көрсетеді!

 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар