Өрлеу

Педагогтерге курстан кейінгі қолдау: кәсіби дамудың маңызды кезеңі

Педагогтерге курстан кейінгі қолдау: кәсіби дамудың маңызды кезеңі
2026 жылғы 14 қазанда «Өрлеу» ШҚО бойынша филиалы педагогтерге курстан кейінгі қолдау көрсету мәселелеріне арналған түсіндіру вебинарын өткізді.

Zoom платформасында онлайн форматта ұйымдастырылған іс-шараға 100-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары және облыстың білім беру жүйесінің басқа да өкілдері болды.

Вебинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:
▪️ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 145 бұйрығы түсіндірілді;
▪️ педагогтерге курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру ерекшеліктері;
▪️ курста меңгерген білім мен дағдыларды бекіту;
▪️ жаңа тәсілдерді білім беру тәжірибесіне енгізу;
▪️ педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын жетілдіру.

Кездесу қатысушыларға өзекті мәселелерді талқылауға, курстан кейінгі қолдаудың маңызын тереңірек түсінуге және педагогтердің кәсіби өсуіне бағытталған ортақ ұстаным қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Вебинардың қазақ және орыс тілдерінде өткізілуі барлық қатысушыға ақпаратты өзіне қолайлы тілде қабылдап, тәжірибе алмасуға жағдай жасады.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар