«ӨРЛЕУ» БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗДІ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан
Алматов жұмыс сапарымен Алматы облысы бойынша Кәсіби даму институтына барып,
филиал қызметінің негізгі бағыттарына кешенді мониторинг жүргізді.
Сапар аясында Басқарма төрағасы институт ұжымымен және тренерлермен
кездесіп, педагогтердің кәсіби дамуы, біліктілікті арттыру курстарын
ұйымдастыру және филиал қызметінің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар оқу кабинеттерін аралап, институттың материалдық-техникалық
базасымен танысты.
Филиал директоры Қайсар Нұрлыбаев институт жұмысының негізгі нәтижелері,
өңірлік ерекшеліктері мен алдағы даму жоспарлары туралы баяндады.
Кездесу барысында педагогтерді «Ұстаз» ұлттық платформасы арқылы
аттестаттау мәселесіне ерекше назар аударылды. Талдау нәтижелері бойынша
білімін бағалау рәсімінен сәтті өткен педагогтердің басым бөлігі аттестаттауға
өтініш бергенімен, Алматы облысында өтініштердің 43,5 пайызы, Жетісу облысында
34,8 пайызы әлі де комиссия қарауында екені атап өтілді.
Осыған байланысты Ғалымжан Алматов аттестаттау комиссияларының жұмысын
жеделдетуді, Ұлттық білім беру деректер қоры мәліметтерінің уақытылы
жаңартылуын қамтамасыз етуді және өңірлік білім басқармаларымен бірлесіп
күнделікті мониторинг жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ педагогтер мен комиссия
мүшелеріне арналған бірыңғай алгоритмдер мен нормативтік-құқықтық құжаттарды
«Ұстаз» платформасында қолжетімді форматта орналастыру қажеттігін атап өтті.
Жиында педагогтердің біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстардың орындалу
барысы да сараланды. Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында Алматы облысында
жоспарланған педагогтердің 46 пайызы, Жетісу облысында 45,4 пайызы біліктілікті
арттыру курстарынан өткен. Ал мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының
педагогтері бойынша екі өңірде де жоспар толық орындалған.
Сонымен қатар Алматы облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалын Қонаев
қаласына көшіру жоспары таныстырылды. Аталған бастама өңір педагогтері үшін
институт қызметінің қолжетімділігін арттырып, кәсіби даму мүмкіндіктерін
кеңейтуге бағытталған.
Сапар қорытындысында Басқарма төрағасы сұранысқа ие жаңа білім беру
бағдарламаларын әзірлеу, ақылы білім беру қызметтерінің тиімділігін арттыру,
ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді педагогикалық тәжірибеге енгізу және
функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған жобаларды уақытылы жүзеге асыру
бойынша нақты тапсырмалар берді.
Кездесу филиал қызметінің басым бағыттарын айқындап, педагогтердің кәсіби
дамуын қолдауға және институт жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға
бағытталған міндеттерді белгіледі.
Басқа жаңалықтар

Жасанды интеллектті меңгеруден – өз шешімдерін әзірлеуге дейін
Қарағанды облысында информатика пәні мұғалімдеріне арналған курстар аяқталды

«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды
Бүгін «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының кезекті тобы басталды. Курс тренерлері – институттың аға оқытушылары Мырзаиым Сариева мен Роза Қабылбаева.

«Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы қорытындыланды
Бүгін «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы қорытындыланды. 16-20 қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтында тренерлердің шығармашылық әлеуетін ашу, педагогикалық идеялар мен авторлық бағдарламаларды анықтау мақсатында кәсіби даму апталығы өтті.