«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды

🔹Бүгін «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы
біліктілікті арттыру курсының кезекті тобы басталды. Курс тренерлері –
институттың аға оқытушылары Мырзаиым Сариева мен Роза Қабылбаева.
🔹 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму
институты базасында өтіп жатқан курс орта білім беру ұйымдарының басшылары мен
педагогтеріне арналған.
23-27 қараша аралығында өтетін курс барысында
тыңдаушылар:
- жеке қаржыны
тиімді жоспарлау және басқару принциптерін меңгереді;
- қаржы өнімдері мен қызметтерінің негізгі түрлерімен
танысып, оларды тиімді әрі қауіпсіз пайдалану жолдарын үйренеді;
- алған білімдерін практикалық тапсырмалар мен өмірлік
жағдаяттар арқылы бекітеді.
🔹Курс барысында педагогтердің қаржылық сауаттылығын
арттыруға бағытталған заманауи оқыту әдістері, практикалық тапсырмалар,
жағдаяттық талдау және интерактивті тәсілдер кеңінен қолданылуда. Қатысушылар
күнделікті өмірде кездесетін қаржылық мәселелерді талдап, тиімді шешім қабылдау
дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік алуда.
🔹Айта кетейік, курстың басты мақсаты – жеке қаржыны
басқару саласында базалық білім беру, түрлі қаржы өнімдері мен қызметтерімен
таныстыру, сондай-ақ қаржылық шешімдер қабылдау үшін қажетті дағдыларды дамыту
арқылы педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыру.
Басқа жаңалықтар

Жасанды интеллектті меңгеруден – өз шешімдерін әзірлеуге дейін
Қарағанды облысында информатика пәні мұғалімдеріне арналған курстар аяқталды

«Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы қорытындыланды
Бүгін «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы қорытындыланды. 16-20 қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтында тренерлердің шығармашылық әлеуетін ашу, педагогикалық идеялар мен авторлық бағдарламаларды анықтау мақсатында кәсіби даму апталығы өтті.

ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ: ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ
География пәнін оқытуда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді қолдану – білім алушылардың кеңістіктік ойлауын қалыптастыруға, ақпаратты талдау дағдыларын жетілдіруге және функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.