Өрлеу

«Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы қорытындыланды

«Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы қорытындыланды

Бүгін «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы қорытындыланды. 16-20 қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтында тренерлердің шығармашылық әлеуетін ашу, педагогикалық идеялар мен авторлық бағдарламаларды анықтау мақсатында кәсіби даму апталығы өтті.

 

Институт директоры Нұржан Нұрлыбаев қорытынды жиынға арнайы қатысып, ұжымның ұсыныс-тілектерін тыңдады. Оның қатарында әзірленген инновациялық жобаларды облыс педагогтеріне тарату мақсатында аймақтық тәжірибе алмасу семинарларын ұйымдастыру, «Педагогикалық Pitching» форматын дәстүрге айналдырып, тренерлердің тың идеяларын қолдауға арналған тұрақты диалог алаңын құру бар. Сонымен қатар белсенді топ басшыларын марапаттап, алғысын білдірді.

 

Апталық барысында «Шығармашылық старт» атауымен ашылу салтанаты өтті. Бұдан бөлек Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дің оқытушыларымен «Инновациялық трендтер» шебер-сыныптары, «Идеялар шеберханасы» фасилитациялық сессиясы, шығармашылық топ жұмыстарының «Педагогикалық Pitching» презентациясы және аясындағы «Педагогикалық шеберлік панорамасы» өтті.

 

Қатысушылар шығармашылық топтарға бөлініп, авторлық бағдарлама әзірлеудің ғылыми-әдістемелік негіздерін талқылады, идеяларын жүйеледі, әзірлеген авторлық әдістемелері мен бағдарламаларын қорғады және шығармашылық өнімдер көрмесін ұйымдастырды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы қорытындыланды — Өрлеу