Өрлеу

«ӨРЛЕУ» АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАҢА ДИРЕКТОРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«ӨРЛЕУ» АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАҢА ДИРЕКТОРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
«ӨРЛЕУ» АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАҢА ДИРЕКТОРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Ақтөбе облысына арнайы іс сапармен келген «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Даулет Султанов филиал ұжымымен кездесіп, мекеменің жұмысымен және материалдық-техникалық базасымен танысты. Сонымен қатар, ұжыммен диалог құрып, филиал қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері де назардан тыс қалмады.

Кездесу барысында Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры болып тағайындалған Әліби Латып ұжыммен танысып, жұмыс жоспарлары жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, ұжымдық жұмысты нығайту, кәсіби әлеуетті арттыру және алға қойылған міндеттерді бірлесе жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.

Филиал ұжымы жаңа басшыға қызметіне сәттілік, толағай табыс, тың бастамалар мен жемісті жұмыс тілейді! Бірлесе атқарған еңбектің нәтижесінде филиал қызметі жаңа деңгейге көтеріліп, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берсін!
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ӨРЛЕУ» АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАҢА ДИРЕКТОРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ — Өрлеу