Өрлеу

ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕНУІ – МЕРЕЙДІҢ ӨСУІ

ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕНУІ – МЕРЕЙДІҢ ӨСУІ

Республика күні қарсаңында білім беру саласының дамуына үлес қосып жүрген «Өрлеу» БАҰО» АҚ қызметкерлерінің кәсіби еңбегі лайықты бағаланды.

Марапат иелерінің қатарында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының тренері, магистр Шаштыгарина Сарагул Мустафина Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Салаға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Бұл марапат – кәсіби адалдықтың, табанды еңбектің және білім беру саласын дамыту жолындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі. Педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға, олардың білімін жетілдіріп, тәжірибесін байытуға бағытталған еңбек – білім сапасын жақсартуға қосылған маңызды үлес.

Еңбек бағаланған жерде сенім нығайып, жаңа жетістіктерге жол ашылады. Әрбір марапаттың артында ізденіс, жауапкершілік пен өз ісіне деген сүйіспеншілік жатыр. Ал осындай еңбектің еленуі – кәсіби жолды жалғастыруға жігер беріп, биік мақсаттарға жетелейтін ерекше қолдау.

Осы орайда білім беру саласы мамандарының еңбегіне қолдау көрсетіп, кәсіби жетістіктерін бағалағаны үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне және «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасына алғыс білдіреміз.

Құрметті Сарагүл Мустафиевна! Мәртебелі марапатыңыз құтты болсын! Абыройыңыз асқақтап, мерейіңіз үстем болсын! Еңбегіңіздің жемісін көріп, шәкірттер мен әріптестердің құрметіне бөленіп, кәсіби биіктерді бағындыра беріңіз!

Еңбекке құрмет – елге құрмет. Білімге қолдау – болашаққа инвестиция. Жетістікке жетелейтін ізгі істеріңіз жалғасын таба берсін!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕНУІ – МЕРЕЙДІҢ ӨСУІ — Өрлеу