АЛМАТЫДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ ЖАҢА СЕРПІН АЛАДЫ

Кездесу барысында Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты директорының міндетін атқарушы Ержан Мелдебеков ұйымның атқарған жұмыстары мен педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының орындалу нәтижелері туралы баяндады. Ашық форматта өткен пікір алмасуда қызметкерлер мен тренерлер педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.
Жұмыс сапары аясында Басқарма төрағасы институттың материалдық-техникалық базасын, оқу аудиторияларының жабдықталуын және цифрлық білім беру инфрақұрылымын аралап көрді.
Алматыдағы 44 510 педагогтің 85 пайыздан астамы біліктілікті арттыру курстарымен қамтылған. Жиында жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу, педагогтерді аттестаттау, әдістемелік сүйемелдеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Ғалымжан Алматов кездесу барысында филиалдың кадрлық әлеуетін одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Ол қызметкерлердің магистратура мен докторантурада білім алу үлесін арттыруды, профессор-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейін жүйелі түрде жетілдіруді тапсырды. Сонымен қатар еңбек нарығының сұранысына сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңарту және KPI көрсеткіштері бойынша жұмысты жетілдіру қажеттігін атап өтті.
Басқарма төрағасы білім беру жүйесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды кеңінен қолданудың өзектілігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ Ұлттық білім беру деректер қорының мәліметтерін уақтылы жаңарту мен комиссия жұмысына тұрақты мониторинг жүргізу тапсырылды.
Жұмыс сапары аясында Ғалымжан Алматов Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының жаңа директоры қызметіне Маржан Галимжановамен таныстырып, ұжымға алдағы жұмысына табыс тіледі.
Басқа жаңалықтар

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Бастауыш сынып білім алушыларының оқу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында вебинар өтті. Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, жас ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, тұрақты оқу дағдыларын қалыптастыру және оқу мәдениетін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Вебинарды кафедраның аға оқытушысы Д.Ш. Жумагалиева жүргізіп, қатысушыларды кездесудің тақырыбы, мақсаты мен күтілетін нәтижелерімен таныстырды.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МӘДЕНИЕТІ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Мемлекеттік стандарт талаптарын жүзеге асыру: бастауыш сынып оқушыларының оқу мәдениеті мен функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында вебинар өтті. Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын оқу үдерісінде жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылады. Вебинарды кафедраның аға оқытушысы Д.Ш. Жумагалиева жүргізді.

БІЛІМ МЕН ИННОВАЦИЯ: ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Қазіргі білім беру жүйесі цифрлық технологиялардың қарқынды дамуымен қатар жаңа талаптар мен мүмкіндіктерге ие болуда. Әсіресе жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне тиімді енгізу, оқытудың заманауи әдістемелерін жетілдіру және білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.