Өрлеу

Педагогтің кәсіби беделі және білім сапасы

Педагогтің кәсіби беделі және білім сапасы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Қарагоз Мұқышева KOKSHE TV облыстық телеарнасының «Бүгінгі тақырып» бағдарламасына сұхбат берді.

2026 жылдың 12 қарашасындағы «Педагогтің кәсіби беделі және білім сапасы» атты шығарылым барысында ол көрермендерге институттың негізгі жұмыс бағыттары, біліктілікті арттыру курстары және өңірдегі педагогтердің кәсіби тұрғыдан даму мүмкіндіктері туралы жан-жақты айтып берді. Спикер педагогтің кәсіби беделі үздіксіз оқу, заманауи әдістемелерді меңгеру және уақыт талаптарына сай өзгеруге дайын болу арқылы қалыптасатынын атап өтті. Әңгіме барысында біліктілікті арттырудың білім сапасына және оқушылардың нәтижесіне әсеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар Қарагоз Мұқышева Ақмола облысының педагогтері өздеріне қолайлы курстарды қалай таңдап, алған білімін күнделікті тәжірибеде қалай қолдана алатынын айтып берді.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар