Өрлеу

«Өрлеу» филиалындағы кәсіби сағат

«Өрлеу» филиалындағы кәсіби сағат

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Ақмола облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Жанар Жамантаева әріптестері үшін «Қаржылық сауаттылық негіздері: отбасы бюджетін ұтымды бөлу» тақырыбында кәсіби сағат өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар тақырыптың негізгі аспектілерін қарастырды:

* Қаржылық сауаттылықты тәрбиелеу және отбасы бюджетін жоспарлау.

* Шығындарды бақылаудың және оңтайландырудың тиімді әдістері.

* Практикалық кейстер: өмірлік жағдаяттармен жұмыс, қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және инвестициялық тәуекелдер.

Кәсіби сағат форматы өзекті тақырыпты талқылап қана қоймай, топтық жұмыстың интерактивті әдістемелерін де жетілдіруге мүмкіндік берді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Өрлеу» филиалындағы кәсіби сағат — Өрлеу