«Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті

«Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетіп, тыңдаушы педагогтерге сертификаттар табысталды.
Жыл басынан бері Ақтөбе өңірінде 353 педагогі қаржылық сауаттылықтарын арттырды. Оның ішінде:
🔹 250 педагог – орта білім беру ұйымдарынан;
🔹 103 педагог – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан.
Курс барысында тыңдаушылар қаржылық жоспарлаудың заманауи тәсілдерін, ұлттық қаржы жүйесінің құрылымын, жеке бюджет пен жинақты тиімді басқару тетіктерін, сондай-ақ инвестициялаудың негізгі қағидаттарын меңгерді. Теориялық білім практикалық тапсырмалармен ұштастырылып, алынған дағдыларды күнделікті өмірде қолдануға басымдық берілді.
Қаржылық сауаттылық – қаражатты тиімді басқарумен ғана шектелмейтін, саналы шешім қабылдауға және болашақты жоспарлауға мүмкіндік беретін маңызды өмірлік дағды.
Педагогтердің осы бағыттағы білімін жетілдіру – қаржылық мәдениетті білім беру үдерісіне енгізудің және өскелең ұрпақтың қаржылық жауапкершілігін қалыптастырудың маңызды қадамы.

Басқа жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ САНА – ҰРПАҚҚА АМАНАТ, ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
Кездесудің басты мақсаты – жас мамандардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру және рухани сабақтастықтың маңызын терең түсіндіру.

ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ
Алматы қаласындағы №173 мектеп-лицейде педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасына арналған қалалық семинар өтті. Кездесу барысында аттестаттаудың жаңа форматы, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, «Ұстаз» платформасын пайдалану және озық педагогикалық тәжірибені тарату мәселелері талқыланды.

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ
«Ұлттық құндылық – ұлттың тірегі» тақырыбындағы мини-дәріс Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалында ұйымдастырылды.