Өрлеу

БУЛЛИНГТІ ЕРТЕ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ИНТЕРВЕНЦИЯ: ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

БУЛЛИНГТІ ЕРТЕ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ИНТЕРВЕНЦИЯ: ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

Онлайн форматта «Буллингті ерте анықтау және интервенция» тақырыбындағы педагогтердің біліктілігін арттыру курсы жалғасуда.

Курс аясында педагогтер буллингтің алғашқы белгілерін анықтау, білім алушылардың мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқау, психологиялық қысым жағдайларын ажырату және тиісті қолдау көрсету бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіруде.

Оқу бағдарламасында кибербуллинг мәселесіне де ерекше назар аударылған. Қатысушылар онлайн кеңістіктегі қудалаудың ерекшеліктерін, оның баланың психологиялық жағдайы мен әлеуметтік бейімделуіне ықпалын, сондай-ақ осындай жағдайлар туындаған кезде педагогтің дұрыс әрекет ету алгоритмдерін қарастыруда.

Курстың негізгі мақсаты – педагогтердің буллинг жағдайларын ерте анықтау, олардың алдын алу және білім алушыларға уақтылы қолдау көрсету жөніндегі кәсіби құзыреттерін дамыту.

Буллингтің алдын алу – қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудың маңызды шарты. Педагогтің жағдайды дер кезінде байқап, сауатты әрекет етуі баланың құқықтарын қорғауға, психологиялық әл-ауқатын сақтауға және мектептегі қолайлы қарым-қатынас мәдениетін нығайтуға мүмкіндік береді.

 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар