ЖИ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР: ОҚУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

27 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалының курстан кейінгі
қолдау жұмыстары аясында «ЖИ және цифрлық платформалар арқылы оқу тапсырмаларын
әзірлеу» тақырыбында онлайн-сессия ұйымдастырылды. Шараға «Дербестендірілген
оқытуға арналған цифрлық технологиялар және жасанды интеллект» біліктілікті
арттыру курсының тыңдаушылары қатысты.
Онлайн-сессияны филиалдың Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедрасының
меңгерушісі Г.К. Өтеғұл мен аға оқытушысы А.М. Абишева өткізді. Шараның мақсаты
– озық тәжірибе алмасу негізінде пән мұғалімдерінің жасанды интеллект пен
цифрлық платформалар арқылы оқу тапсырмаларын модельдеу және құрастыру
құзыреттілігін жетілдіру.
Сессия барысында Claude, Gemini, ChatGPT жасанды интеллект құралдары мен
цифрлық платформалардың дидактикалық мүмкіндіктері қарастырылды. Қатысушылар
оқу мақсатына сәйкес «Оқу мақсаты → Промпт → Тапсырма → Нұсқаулық» алгоритмі
негізінде тапсырмалар құрастыру және дайын кодтар мен промпт үлгілерін өз
пәнінің мазмұнына бейімдеу жолдарымен танысты.
Сондай-ақ педагогтер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға
бағытталған интерактивті платформалардың мүмкіндіктерін талқылап, оларды сабақ
үдерісіне кіріктіру жолдары бойынша тәжірибе алмасты. Онлайн-сессия курс
тыңдаушыларының алған білімдерін тәжірибеде қолдануына және авторлық оқу
материалдарын әзірлеуіне қолдау көрсетуге бағытталды.
Басқа жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ САНА – ҰРПАҚҚА АМАНАТ, ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
Кездесудің басты мақсаты – жас мамандардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру және рухани сабақтастықтың маңызын терең түсіндіру.

ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ
Алматы қаласындағы №173 мектеп-лицейде педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасына арналған қалалық семинар өтті. Кездесу барысында аттестаттаудың жаңа форматы, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, «Ұстаз» платформасын пайдалану және озық педагогикалық тәжірибені тарату мәселелері талқыланды.

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ
«Ұлттық құндылық – ұлттың тірегі» тақырыбындағы мини-дәріс Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалында ұйымдастырылды.