«ПЕДАГОГТЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ: ЖИ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» тақырыбында РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«Өрлеу»
біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби
даму институтында «Педагогтың цифрлық құзыреттілігі: ЖИ құралдары мен
әдістемесі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция
өтті.
Конференцияға Астана, Алматы қалаларынан, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Шығыс
Қазақстан және Атырау облыстарынан 70-тен астам ғылыми-әдістемелік жұмыс келіп
түсті.
Іс-шара пленарлық отырыстан басталды. Педагогтердің цифрлық және жасанды
интеллект саласындағы құзыреттілігін дамыту, білім беру үдерісінде ЖИ
құралдарын тиімді пайдалану, заманауи әдістемелік шешімдер мен цифрлық
технологияларды білім беру тәжірибесіне енгізу мәселелері талқыланды.
Конференция жұмысы төрт бағыт бойынша ұйымдастырылды:
🔹1-бағыт.
«Педагогтің цифрлық және ЖИ-құзыреттілігі: кәсіби даму траекториялары»;
🔹2-бағыт.
«Білім беру үдерісіндегі ЖИ: әдістемелік шешімдер және практикалық тәжірибе»;
🔹3-бағыт.
«Білім берудегі ЖИ: мүмкіндіктері, тәуекелдері және қауіпсіз қолдану»;
🔹4-бағыт.
«ЖИ дәуіріндегі академиялық адалдық, цифрлық этика және ЖИ енгізу».
Секциялық отырыстар барысында спикерлер жасанды интеллект құралдарын оқу
үдерісінде қолдану тәжірибелерімен бөлісіп, цифрлық білім беру ресурстарын
пайдалану, сабақ үдерісін жетілдіру, академиялық адалдық пен цифрлық
қауіпсіздікті сақтау бағытындағы тиімді әдіс-тәсілдерді
ұсынды.
Конференция қорытындысы бойынша модераторлар әр бағыт аясында ұсынылған
жұмыстарға талдау жасап, қатысушыларға кері байланыс берді. Спикерлер де өз
ұсыныстарын білдіріп, конференцияның ұйымдастырылуы мен өткізілу деңгейіне
қатысты пікірлері мен бағаларын жеткізді.
Конференция аясында ұсынылған жұмыстар электрондық материалдар жинағына
енгізіледі. Аталған жинақ педагогтердің озық тәжірибесін таратуға, цифрлық
құзыреттілігін дамытуға және жасанды интеллект құралдарын кәсіби қызметте
тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Педагогтерді аттестаттаудың жаңа пилоттық жобасын іске асыруға байланысты Қарағанды облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бірнеше бағытта жүргізілуде.

«ӨРЛЕУ»: НАҚТЫ НӘТИЖЕ МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫС
Білім сапасын арттыру – жүйелі еңбектің, жаңашыл көзқарас пен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі.

АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ПЕДАГОГТЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың аттестаттаудың пилоттық жобасына қатысты берген тапсырмаларын орындау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.