Жасанды интеллектіні сабақта қолдану бойынша республикалық семинар өтті

Іс-шараға Қазақстанның түрлі өңірлерінен педагогтер қатысып, жасанды интеллект саласындағы жаңа үрдістер мен инновацияларды, оларды білім беру үдерісінде қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Семинарға педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедра меңгерушісі Сәуле Мұхамбетжанова және Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, кафедраның аға оқытушысы Жанар Жартынова жетекшілік етті.
Практикум барысында қатысушылар нейрондық желілер мен жасанды интеллектінің негізгі мүмкіндіктерімен танысып, оқу материалдарын әзірлеу, сабақ мазмұнын жетілдіру және оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруда ЖИ құралдарын қолдану жолдарын меңгерді.
Сонымен қатар педагогтер жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу бойынша тәжірибелерімен және идеяларымен бөлісіп, білім берудегі инновациялық технологияларды қолданудың өзекті мәселелерін талқылады.
Семинар қорытындысында қатысушылар практикалық білім мен жаңа әдістемелік дағдыларды игеріп, кәсіби тәжірибе алмасты. Іс-шара педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға және білім беру жүйесіне инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған маңызды тәжірибе алаңына айналды.
Басқа жаңалықтар

ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫ: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесін жаңғырту, цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелерін еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді.

БІР МӘСЕЛЕ – БІРНЕШЕ ШЕШІМ: ЗАМАНАУИ САБАҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазіргі сабақта ең маңыздысы – оқушының дұрыс жауапты білуі ғана емес, сол жауапқа апаратын түрлі жолдарды көре білуі. Ал мұндай қабілетті дамытуда цифрлық технологиялардың мүмкіндігі қандай?

«ӨРЛЕУДЕ» ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АКЦИЯ БАСТАЛДЫ
«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» атты акция басталды. Бастамаға еліміздің 20 филиалынан құралған 21 команда қатысып, командалық оқу арқылы ортақ әдеби кеңістік қалыптастыруға кірісті.