Өрлеу

Тыңдаушыларға сертификат табысталды

Тыңдаушыларға сертификат табысталды

Бүгін 27 қазан – 6 қараша аралығына жоспарланған қысқамерзімді мемлекеттік бюджеттік курстар аяқталды.

 

Сертификат табыстау барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Нұржан Нұрлыбаев тыңдаушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

 

Бұл кезеңде 26 білім беру бағдарламасы бойынша 640 педагог біліктілігін арттырды. Атап айтқанда, ағылшын тілі, химия, физика, информатика, бастауыш сынып мұғалімдері мен жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған бағдарламалар қамтылған. Бағдарламалар аясында МЖМБС-ны жүзеге асырудың жаңа тәсілдері, «Білім берудегі ЖИ-модельдері», инклюзивті тәсілдер, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, функционалдық сауаттылық, робототехника және STEAM, тәлімгерлік сияқты өзекті бағыттар қарастырылды.

 

Айта кетейік, 2026 жылға жоспарланған мемлекеттік тапсырыс негізінде жоспарланған оқу курстары толығымен аяқталды. Алайда, жыл соңына дейін ақылы курстар жалғасатын болады!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Тыңдаушыларға сертификат табысталды — Өрлеу