ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Курстан кейінгі қолдау» аясында Мускина
Айнур Нурлановна педагогтерге арналған «Қаржылық сауаттылықты ойын арқылы
дамыту» тақырыбында кездесу ұйымдастырды
Кездесудің мақсаты – қаржылық білім беруде
ойын әдістерін қолдану жолдарымен таныстыру және қатысушылардың тәжірибе
алмасуына мүмкіндік жасау. Іс-шара барысында педагогтер қаржылық сауаттылықты
дамытуға бағытталған тиімді ойын тәсілдерімен танысып, оларды білім беру
үдерісінде қолдану ерекшеліктерін талқылады.
Ойын әдістері күрделі тақырыптарды
түсінікті әрі қызықты жеткізуге, қатысушылардың белсенділігін арттыруға және
алған білімдерін тәжірибе арқылы бекітуге көмектеседі. Мұндай тәсілдер қаржылық
мәселелерді талқылауға, өзара пікір алмасуға және оқытуды мазмұнды
ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Кездесу қатысушыларға жаңа әдістермен
танысып қана қоймай, өз тәжірибелерімен бөлісуге де мүмкіндік берді. Қаржылық
сауаттылықты ойын арқылы дамытуға қатысты ұсыныстар мен пікірлер ортаға
салынып, тәжірибеде қолдануға болатын тәсілдер талқыланды.
Курстан кейінгі қолдау педагогтердің
біліктілікті арттыру курстарында алған білімдерін кәсіби қызметінде қолдануына
және тәжірибесін толықтыруына бағытталған. Мұндай кездесулер кәсіби байланыс
орнатып, өзекті әдістемелік мәселелерді бірге талқылауға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

Руслан Ким: «Кибералаяқтықтан қорғану туралы модуль ерекше пайдалы болды»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Жетісу облыстық филиалында «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында ұйымдастырылған курстың тыңдаушысы Руслан Ким оқу барысындағы әсерімен бөлісті.

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕГЕ
Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарында меңгерген білімдері мен дағдыларын педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдануы – үздіксіз кәсіби дамудың маңызды шарты.

Педагогтер «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсынан өтуде
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ҚР Ұлттық Банкімен бірлесіп, педагогтердің қаржылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған ауқымды жобаны жүзеге асырып келеді.