«ИНКЛЮЗИВТІ САБАҚТЫҢ ҮЗДІК МОДЕЛІ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Инклюзивті сабақтың үздік моделі» тақырыбында қалалық кәсіби тәжірибе байқауы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды оқыту, әлеуметтендіру және дамыту бағытындағы үздік педагогикалық тәжірибелерді анықтау, қолдау және тарату.
Байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері, бастауыш сынып және пән мұғалімдері, арнайы педагогтер, педагог-психологтер, педагог-ассистенттер, колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін қамтитын баяндамалар ұсынып, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды қолдаудың тиімді модельдерін таныстырды.
Атап айтқанда, саралап оқыту, Universal Design for Learning (UDL) қағидаларын қолдану, цифрлық технологияларды пайдалану, оқушылардың әлеуметтік бейімделуі мен коммуникациялық дағдыларын дамыту, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, Soft Skills және Hard Skills қалыптастыру бағытындағы озық тәжірибелер ұсынылды.
Сонымен қатар инклюзивті мәдениетті қалыптастыру, педагогикалық дизайн ерекшеліктері, заманауи оқыту технологиялары, бейімдеу және әлеуметтендіру траекторияларын құру мәселелері кеңінен талқыланды.
Қатысушылар нақты тәжірибелері мен қол жеткізген нәтижелеріне сүйене отырып, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың даму динамикасын көрсетуге мүмкіндік алды.
Байқау педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, тиімді әдіс-тәсілдерді таратуға және инклюзивті білім беру мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Іс-шара соңында үздік жұмыстар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.
Басқа жаңалықтар

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Бастауыш сынып білім алушыларының оқу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында вебинар өтті. Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, жас ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, тұрақты оқу дағдыларын қалыптастыру және оқу мәдениетін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Вебинарды кафедраның аға оқытушысы Д.Ш. Жумагалиева жүргізіп, қатысушыларды кездесудің тақырыбы, мақсаты мен күтілетін нәтижелерімен таныстырды.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МӘДЕНИЕТІ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Мемлекеттік стандарт талаптарын жүзеге асыру: бастауыш сынып оқушыларының оқу мәдениеті мен функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында вебинар өтті. Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын оқу үдерісінде жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылады. Вебинарды кафедраның аға оқытушысы Д.Ш. Жумагалиева жүргізді.

БІЛІМ МЕН ИННОВАЦИЯ: ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Қазіргі білім беру жүйесі цифрлық технологиялардың қарқынды дамуымен қатар жаңа талаптар мен мүмкіндіктерге ие болуда. Әсіресе жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне тиімді енгізу, оқытудың заманауи әдістемелерін жетілдіру және білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.