Өрлеу

«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

16 наурызда өңірімізде «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқау білім беру саласындағы жаңашылдықты қолдауға, шығармашыл әрі кәсіби әлеуеті жоғары педагогтерді анықтауға бағытталды.

Байқау педагогтерге өздерінің кәсіби шеберлігін танытып, тың идеяларымен бөлісуге мүмкіндік берді. Қатысушылар заманауи білім беру үдерісіне бейімділіктерін көрсетіп, жаңашыл көзқарастары мен шығармашылық ізденістерін ортаға салды.

Осындай кәсіби алаңдар педагогтердің тәжірибе алмасуына, жаңа идеяларды талқылауына және білім беру саласындағы өзгерістерге бейімделуіне ықпал етеді. Байқау қатысушылардың бастамашылдығын қолдап, педагогикалық шығармашылықты дамытуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.

Байқаудың әділ әрі сапалы өтуіне қазылар алқасының мүшелері — әріптестеріміз Мускина Айнұр Нұрлановна мен Қасымова Айгүл Бегеновна үлес қосты. Әріптестерімізге кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін алғыс білдіреміз.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ — Өрлеу