«ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ мен «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық мамандықтары бойынша педагогтері мен білім алушылары арасында халықаралық қатысумен ғылыми-зерттеу жұмыстарының облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы жаңа технологиялар мен инновациялық тәсілдерді қолдау, қатысушылардың зерттеушілік әлеуетін дамыту және педагогикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
«Қазіргі педагогикалық тәсілдер мен әдістер» бағыты бойынша қатысушылар офлайн форматта ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қазылар алқасының құрамында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының аға оқытушысы, жаратылыстану және информатика магистрі Қасымова Айгүл Бегеновна жұмыс істеді.
Басқа жаңалықтар

Руслан Ким: «Кибералаяқтықтан қорғану туралы модуль ерекше пайдалы болды»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Жетісу облыстық филиалында «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында ұйымдастырылған курстың тыңдаушысы Руслан Ким оқу барысындағы әсерімен бөлісті.

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕГЕ
Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарында меңгерген білімдері мен дағдыларын педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдануы – үздіксіз кәсіби дамудың маңызды шарты.

Педагогтер «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсынан өтуде
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ҚР Ұлттық Банкімен бірлесіп, педагогтердің қаржылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған ауқымды жобаны жүзеге асырып келеді.