Өрлеу

Жасанды интеллектіні білім беруде қолдану бойынша республикалық вебинар өтті

Жасанды интеллектіні білім беруде қолдану бойынша республикалық вебинар өтті

Іс-шараның мақсаты – жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісінде тиімді пайдалану жолдарын көрсету, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және инновациялық әдістермен таныстыру.

Вебинарға Ақмола, Алматы және Павлодар облыстарынан, сондай-ақ Алматы және Павлодар қалаларынан келген білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Қатысушылар қатарында Көкшетау қаласындағы №1 арнайы мектеп-интернаты, Бәйтерек орта мектебі, Павлодар қаласындағы №7 жалпы орта білім беру мектебі, Алматы қаласындағы №211 мектеп-гимназиясы мен №207 мектеп-лицейі, Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназия, Қ. Бекқожин атындағы мектеп және Алматы қаласындағы №148 бөбекжай-балабақшасының өкілдері болды.

Вебинар барысында спикерлер жасанды интеллект құралдарын сабақ жоспарлау, оқу материалдарын әзірлеу, оқушылардың білім жетістіктерін бағалау және саралап оқытуда қолдану тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар қатысушылар авторлық әдістемелерін таныстырып, интерактивті тапсырмалар әзірлеу, оқу материалдарын жекелендіру және білім беру үдерісін цифрландыру бойынша практикалық мысалдар ұсынды.

Вебинар педагогтер арасында тәжірибе алмасуға, жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру тәжірибесіне енгізудің тиімді жолдарын талқылауға және кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар