УНИВЕРСИТЕТ ПЕН МЕКТЕП ЫНТЫМАҒЫ: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА ҚАДАМ

2026 жылғы 4 қарашада Е.А. Бөкетов
атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде «ЖОО мен мектептің өзара
байланысы» бағыты аясында «Теориядан практикаға қадам» тақырыбында
ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Іс-шара 6В01509 – Биология және 7М01505 –
Биология білім беру бағдарламалары негізінде ұйымдастырылып, университет пен
мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, заманауи оқыту әдістері мен ғылыми
тәжірибені таратуға бағытталды.
Семинарға магистранттар қатысып,
ғылыми-әдістемелік тәжірибемен танысты. Баяндамашылар биологияны оқытудың
заманауи әдістері, цифрлық технологиялар, ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстар,
олимпиадалық дайындық пен экологиялық білім беру мәселелерін қамтыды.
Семинар университет пен мектеп арасындағы
сабақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және болашақ педагогтердің кәсіби
құзыреттілігін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.
Басқа жаңалықтар

РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ: ТРЕНЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНА БАҒДАР
4 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында кәсіби даму апталығы аясында «Тәжірибеге негізделген оқыту: педагогтердің кәсіби дамуындағы тренердің рөлі» тақырыбындағы төрт күндік оқытудың кезекті семинары өтті. «Рефлексиялық тәжірибе» тақырыбына арналған семинарға филиалдың аға оқытушылары қатысты.

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ҚҰРАЛЫ
Сабақ барысында мұғалімдер ChatGPT және басқа да жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеп, олардың білім беру саласындағы мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде зерделеді.

КУРСТЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ: ОҚУ МАҚСАТЫНАН – НАҚТЫ НӘТИЖЕГЕ
Курс барысында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын тиімді іске асыру, оқу үдерісін сауатты жоспарлау және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мәселелеріне басымдық берілуде.