МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІН ЖЕТІЛДІРУ: ПЕДАГОГТІҢ ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ

2026 жылғы 17 қарашада «Өрлеу» БАҰО» Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму
институтының ұйымдастыруымен курстан кейінгі қолдау аясында мектепке дейінгі
ұйымдардың басшылары, әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқыту үдерісін жетілдіру: педагогтің тиімді тәжірибесі мен
заманауи әдістері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты – педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру, заманауи
әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану және озық педагогикалық тәжірибелерді тарату.
Практикалық бөлімде тәрбиешілер балалардың танымдық, шығармашылық,
зерттеушілік, сөйлеу және әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларын дамытуға
бағытталған тиімді әдістерімен бөлісті. Атап айтқанда, STEAM технологиялары,
ойын әдістері, дамытушы орта, ертегі терапиясы, ұлттық ойындар, инклюзивті
тәжірибе және ата-аналармен серіктестік орнату бағыттары қамтылды.
Қатысушылар өздерінің педагогикалық тәжірибелерін таныстырып қана қоймай,
әріптестерінің тиімді әдістерімен танысып, оларды күнделікті жұмыс
тәжірибесінде қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Семинар соңында «Бір идея – бір әрекет» әдісі арқылы кері байланыс
ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің кәсіби қызметіне енгізетін жаңа
идеяларымен бөлісті.
Іс-шара педагогтердің кәсіби байланысын нығайтып, тәжірибе алмасуына және
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасын жетілдіруге бағытталған маңызды
әдістемелік алаң болды.
Семинар модераторы: Тугелбаева Эльмира Базарбаевна,
«Жаратылыстану-математикалық бағыттағы» кафедраның аға оқытушысы.
Басқа жаңалықтар

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА БАҒЫТ: ТАТЬЯНА ХВАНМЕН КӘСІБИ КЕЗДЕСУ
Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыттау мәселелеріне арналған кәсіби кездесу өтті.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ: МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты мен «Zerdeli Group» ЖШС білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында Меморандумға қол қойды

«ЖАҢА ЖОБА - ЖАҢА МҮМКІНДІК»: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫ ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және аттестаттаудың жаңа талаптарын түсіндіру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша КДИ ұйымдастыруымен «Жаңа жоба – жаңа мүмкіндік» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.