Өрлеу

Ұлттық Банк пен «Өрлеу» бірлескен жобасы: педагогтер «Қаржылық сауаттылық негіздері» бойынша оқытуда

Ұлттық Банк пен «Өрлеу» бірлескен жобасы: педагогтер «Қаржылық сауаттылық негіздері» бойынша оқытуда
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық Банк және СҚО «Өрлеу» филиалы бірлескен жоба аясында педагогтерді «Қаржылық сауаттылық негіздері» бағдарламасы бойынша оқыту жалғасуда.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ педагогтерді оқыту операторы ретінде жұмыс атқарады, ал Ұлттық Банк мамандары сабақтарды өткізуге тікелей қатысады.
Бағдарламада отбасылық бюджет, кредит, инфляция, инвестиция, зейнетақы жүйесі, цифрлық активтер, қаржылық алаяқтық және дербес деректерді қорғау сияқты өзекті тақырыптар қамтылған.
40 сағат ішінде тыңдаушылар қаржы саласындағы негізгі тақырыптарды талқылап қана қоймай, алдағы уақытта өз жұмысында қолдана алатын материалдармен де танысады. Жоба аясында педагогтерге арналған 30 оқыту бейнеролигі және 5–6, 7–9-сынып оқушыларына арналған 24 анимациялық бейнеролик әзірленген.
Оқыту каскадтық қағидат бойынша ұйымдастырылған: педагогтердің алған білімі мен материалдары әрі қарай мектептерде қолданылатын болады. Өйткені қаржылық сауаттылық — алдымен білім алушылардың өмірде кездесетін түрлі қаржылық жағдайларда салмақты әрі саналы шешім қабылдай білуі болып табылады.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Ұлттық Банк пен «Өрлеу» бірлескен жобасы: педагогтер «Қаржылық сауаттылық негіздері» бойынша оқытуда — Өрлеу