Өрлеу

ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ПӘНДЕР МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ СИНЕРГИЯСЫ

ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ПӘНДЕР МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ СИНЕРГИЯСЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты «Цифрлық дәуірдегі білім берудің трансформациясы: пәндер мен жасанды интеллекттің синергиясы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция өткізеді.

Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект білім беру мазмұнын жаңартудың, оқыту әдістерін жетілдірудің және педагогтің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтудің маңызды құралына айналды. Осы орайда конференция білім беру үдерісіне заманауи технологияларды тиімді енгізу мәселелерін талқылауға, жаңа идеялар мен озық тәжірибелерді ортаға салуға мүмкіндік береді.

Конференцияның мақсаты– білім беру саласында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдарын талқылау және озық тәжірибелермен бөлісу.

        Конференция педагогтер мен білім беру саласының мамандары үшін тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және цифрлық білім берудің өзекті бағыттарын талқылауға арналған маңызды алаң болмақ.

Баршаңызды конференция жұмысына қатысуға шақырамыз!

 

Zoom конференциясына қосылыңыз

https://us06web.zoom.us/j/88560516594?pwd=Pc7d0oZfpMR3Yun5TNrVnS6l6a33JS.1

Конференция чатына сілтеме

https://us06web.zoom.us/launch/jc/88560516594

Конференция идентификаторы: 885 6051 6594

Құпия код: 080301

Бөлісу

Басқа жаңалықтар