Өрлеу

«Білім берудегі ЖИ модельдері» курсы өтіп жатыр

«Білім берудегі ЖИ модельдері» курсы өтіп жатыр
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен 27 қазаны мен 6 қараша аралығында «Білім берудегі ЖИ модельдері» тақырыбында Мақтаарал ауданында курс өтуде. Информатика пәні мұғалімдеріне арналған курс тренері – Тоғжан Тілесқызы.
Курс барысында информатика пәні мұғалімдері жасанды интеллектті тек дайын құралдарды тұтынушы ретінде пайдаланумен шектелмей, оның құрылымы мен жұмыс істеу қағидаттарын зерделеуде.
Практикалық жұмыстар барысында тыңдаушылар ЖИ модельдерінің қалай құрылатынын меңгеріп, өз ЖИ модельдерін әзірлеуде.
Курстың практикалық бағыты педагогтердің жасанды интеллект технологияларын тереңірек түсінуіне, оларды информатика сабақтарында мақсатты қолдануына және оқушыларға ЖИ-ды тек пайдалануды емес, оның жұмыс істеу логикасын түсінуді және модель құруды үйретуге мүмкіндік береді.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Білім берудегі ЖИ модельдері» курсы өтіп жатыр — Өрлеу