ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША КУРСТАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Бүгін «Қаржылық сауаттылық» біліктілікті арттыру курстарының
соңғы кезеңі өз жұмысын бастады.
Жыл басынан бері өңірдің 353 педагогі қаржылық сауаттылық
бағытында білімдерін жетілдіріп, кәсіби құзыреттіліктерін арттырды.
Курстың мақсаты – педагогтердің қаржылық сауаттылық бойынша
білімін тереңдетіп, оны білім беру үдерісінде тиімді қолдану дағдыларын
қалыптастыру.
Курс барысында педагогтер қаржылық сауаттылықтың негізгі
ұғымдарын меңгеріп қана қоймай, оларды білім алушыларға түсінікті әрі қызықты
түрде жеткізудің тиімді әдіс-тәсілдерімен танысады.
Қаржыны жоспарлау, шығындарды басқару, жинақ қалыптастыру
және қаржылық қауіпсіздікті сақтау – күнделікті өмірде маңызды рөл атқаратын
дағдылар. Сондықтан, балалардың бойында қаржылық сауаттылықты ерте жастан
қалыптастыру – олардың болашақта дұрыс шешім қабылдауына жол ашатын маңызды
қадам.
Курс тыңдаушыларына жаңа білім, пайдалы тәжірибе, мазмұнды
пікір алмасу және кәсіби ізденістеріне сәттілік тілейміз! Алған білімдері
педагогикалық тәжірибелерін байытып, білім алушылардың қаржылық сауаттылығын
арттыруға ықпал етсін!
Басқа жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ САНА – ҰРПАҚҚА АМАНАТ, ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
Кездесудің басты мақсаты – жас мамандардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру және рухани сабақтастықтың маңызын терең түсіндіру.

ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ
Алматы қаласындағы №173 мектеп-лицейде педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасына арналған қалалық семинар өтті. Кездесу барысында аттестаттаудың жаңа форматы, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, «Ұстаз» платформасын пайдалану және озық педагогикалық тәжірибені тарату мәселелері талқыланды.

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ
«Ұлттық құндылық – ұлттың тірегі» тақырыбындағы мини-дәріс Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалында ұйымдастырылды.