«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІНЕ» ЖАС ПЕДАГОГТЕРДІ ІРІКТЕУ ТЕСТІЛЕУІ БАСТАЛДЫ: 2 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІМ ТҮСТІ

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу»
біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында
жас педагогтерді іріктеу және кәсіби сүйемелдеу жұмыстарын жалғастыруда.
Осы
мақсатта биыл еліміздің 18 өңіріндегі 19 педагогикалық жоғары оқу орнымен
бірлесіп, болашақ педагогтердің кәсіби даярлығын анықтауға бағытталған диагностикалық
бағалау ұйымдастырылуда.
Іріктеу тестілеуіне GPA көрсеткіші
3,33-тен жоғары шамамен 2 мыңнан астам жас маман қатысуға ниет білдірді.
Тестлеудің алғашқы легі Ә.Марғұлан
атындағы Павлодар педагогикалық университетінде, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік университетінде, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік
университетінде және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде басталды.
Іріктеу барысында қатысушылардың пәндік
құзыреттері мен әлеуметтік-эмоционалдық дағдылары сараланады. Нәтижесінде әр
педагог бойынша кәсіби профиль қалыптастырылып, ол мектеп директорларына жас
маманның әлеуетін бағалауға, бейімделу кезеңін тиімді ұйымдастыруға және кәсіби
даму бағытын айқындауға мүмкіндік береді.
Барлық нәтиже career.orleu.edu.kz
платформасында жинақталады. Бұл — жас педагогтерді ашық әрі тиімді іріктеуге
арналған заманауи цифрлық жүйе. Платформа «Келешек мектептері» директорлары
үшін қолжетімді және өңірлік сұранысқа, пәндік бағытқа, үміткердің кәсіби
даярлығына сәйкес мамандарды іріктеуге мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

Руслан Ким: «Кибералаяқтықтан қорғану туралы модуль ерекше пайдалы болды»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Жетісу облыстық филиалында «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында ұйымдастырылған курстың тыңдаушысы Руслан Ким оқу барысындағы әсерімен бөлісті.

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕГЕ
Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарында меңгерген білімдері мен дағдыларын педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдануы – үздіксіз кәсіби дамудың маңызды шарты.

Педагогтер «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсынан өтуде
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ҚР Ұлттық Банкімен бірлесіп, педагогтердің қаржылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған ауқымды жобаны жүзеге асырып келеді.