Өрлеу

БІЗДІҢ ӨҢІРДІҢ ТРЕНЕРІ – ҒАЛИЯ САПАРБЕКҚЫЗЫ МОҢҒОЛИЯДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫН ӨТКІЗУДЕ

БІЗДІҢ ӨҢІРДІҢ ТРЕНЕРІ – ҒАЛИЯ САПАРБЕКҚЫЗЫ МОҢҒОЛИЯДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫН ӨТКІЗУДЕ

Мемлекет басшысының Моңғолияға жасаған мемлекеттік сапары аясында гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жөнінде берілген тапсырмаларды іске асыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия Үкіметтерінің қолдауымен Баян-Өлгий аймағында қазақ тілінде пән жүргізетін педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстарын бастады.

 Аталған курстарды біздің өңірдің тренері – Ғалия Сапарбекқызы жүргізуде. Курстарға Моңғолияның білім беру ұйымдарында қызмет ететін 112 педагог қатысуда. Бір аптаға жоспарланған оқу бағдарламасы «Өрлеу» ұлттық орталығының тренерлері тарапынан іске асырылуда.

Оқу бағдарламасының мазмұны пән мен тілді кіріктіре оқыту (CLIL) әдістемесін, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ пәндік оқыту үдерісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану мәселелерін қамтиды.

 Курстардың негізгі мақсаты – шетелдік білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытатын және қазақ тілінде білім беретін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ педагогикалық қауымдастыққа жүйелі әдістемелік қолдау көрсету.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

БІЗДІҢ ӨҢІРДІҢ ТРЕНЕРІ – ҒАЛИЯ САПАРБЕКҚЫЗЫ МОҢҒОЛИЯДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫН ӨТКІЗУДЕ — Өрлеу