«ӨРЛЕУ» ТРЕНЕРЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРДІ

Астанада AELLCA (Accelerating English Language Learning in Central Asia) халықаралық білім беру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған төрт күндік қарқынды оқу курсы аяқталды.
Курсқа «Өрлеу» ұлттық орталығының 64 пәндік тренері қатысты. Олар жаратылыстану ғылымдары, математика, информатика, қазақ, орыс, ағылшын тілдері және бастауыш білім беру бағыттары бойынша кәсіби біліктілігін арттырды.
Оқу барысында қатысушылар ересектерді оқытудың заманауи әдістерін, фасилитацияны және микротренинг өткізудің тиімді тәсілдерін меңгерді. Сонымен қатар өз тәжірибесін талдау және рефлексия жасау дағдыларын жетілдірді.
Курс қорытындысы бойынша тренерлерге халықаралық сертификаттар табысталды.
Басқа жаңалықтар

Руслан Ким: «Кибералаяқтықтан қорғану туралы модуль ерекше пайдалы болды»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Жетісу облыстық филиалында «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында ұйымдастырылған курстың тыңдаушысы Руслан Ким оқу барысындағы әсерімен бөлісті.

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕГЕ
Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарында меңгерген білімдері мен дағдыларын педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдануы – үздіксіз кәсіби дамудың маңызды шарты.

Педагогтер «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсынан өтуде
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ҚР Ұлттық Банкімен бірлесіп, педагогтердің қаржылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған ауқымды жобаны жүзеге асырып келеді.