ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУ – МЕКТЕПТІҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

2026
жылғы 13 қарашада Шымкент қаласында мектеп басшылары мен олардың
орынбасарларына арналған курстан кейінгі сүйемелдеу аясында «„Адал азамат“
құндылықтары негізінде цифрлық қауіпсіздік, инновациялық басқару және мектептің
даму стратегиясы» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың
мақсаты – білім беру ұйымдары басшыларының цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету, сенімді онлайн-орта қалыптастыру, жасанды интеллектіні этикалық әрі тиімді
пайдалану, басқарушылық тәжірибені саралау және мектептің даму стратегиясын
жобалау бағытындағы практикалық құзыреттерін нығайту.
Іс-шараны
«Жаратылыстану-математикалық бағыттағы» кафедрасының меңгерушісі Рахимжанова
Гүлфазира Қозыбаевна жүргізді.
Семинардың
практикалық бөлімінде Шымкент қаласы мектептерінің басшылары мен басшы
орынбасарлары өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар
мектептегі цифрлық қауіпсіздік пен тәуекелдердің алдын алу, цифрлық
кеңістіктегі этикалық мінез-құлық, педагогтер мен білім алушылардың цифрлық
саламаттылығы, жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану мәселелерін
талқылады.
Сонымен
қатар мектептің даму стратегиясын жобалау, стратегиялық мақсаттар мен KPI
көрсеткіштерін белгілеу, инновациялық бастамаларды іске асыру, әлеуметтік
серіктестермен өзара іс-қимыл, басқарушылық коммуникация, ресурстар мен
тәуекелдерді басқару мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тәжірибелік
баяндамалар мектепті басқарудағы заманауи тәсілдерді зерделеуге, тиімді
шешімдермен бөлісуге және стратегиялық бастамаларды нақты нәтижеге бағыттауға
мүмкіндік берді.
Семинар
соңында қатысушылар «Рефлексиялық мишень» әдісі арқылы өз әсерлерімен бөлісіп,
кәсіби тұрғыдан маңызды тұжырымдар жасады.
Бүгінгі
мектеп басшысы – тек білім беру үдерісін ұйымдастырушы ғана емес, цифрлық
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, инновацияларды тиімді енгізетін және ортақ
құндылықтар негізінде ұжымды алға жетелейтін көшбасшы.
«Адал
азамат» құндылықтарына негізделген басқару – жауапты шешімдерден, қауіпсіз
ортадан және болашаққа бағытталған нақты әрекеттерден басталады!
Басқа жаңалықтар

Руслан Ким: «Кибералаяқтықтан қорғану туралы модуль ерекше пайдалы болды»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Жетісу облыстық филиалында «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында ұйымдастырылған курстың тыңдаушысы Руслан Ким оқу барысындағы әсерімен бөлісті.

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕГЕ
Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарында меңгерген білімдері мен дағдыларын педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдануы – үздіксіз кәсіби дамудың маңызды шарты.

Педагогтер «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсынан өтуде
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ҚР Ұлттық Банкімен бірлесіп, педагогтердің қаржылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған ауқымды жобаны жүзеге асырып келеді.