Өрлеу

ЦИФРЛЫҚ ПЕДАГОГИКА: ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ

ЦИФРЛЫҚ ПЕДАГОГИКА: ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ
12 қазан күні «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткен «Цифрлық педагогика: қазақ тілін оқытудың жаңа форматы» тақырыбындағы форсайт-сессия мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға және тәжірибе алмасуға бағытталды.

Форсайт-сессияға Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының өкілдері, Тілдерді оқыту орталығының мамандары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Іс-шарада кафедраның аға оқытушысы, магистр М.Т. Адилханова қазақ тілін оқытуда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану жолдарымен бөлісіп, озық тәжірибесін ортаға салды. Оқыту сапасын арттыруға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдер, инновациялық шешімдер және цифрлық құралдарды сабақта қолданудың тиімді тетіктері талқыланды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты» «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ ПЕДАГОГИКА: ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ — Өрлеу