Өрлеу

МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ: СТРАТЕГИЯДАН ПРАКТИКАҒА

МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ: СТРАТЕГИЯДАН ПРАКТИКАҒА

 Ескелді ауданының С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде «Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға» тақырыбында бірлескен семинар өтті.

 

Іс-шара «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының, Ескелді ауданының білім бөлімінің және І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұйымдастыруымен өткізілді.

 

Семинардың негізгі мақсаты – білім сапасын арттырудың тиімді стратегияларын айқындау, оқу құралдарын тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту, білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешудің практикалық жолдары бойынша тәжірибе алмасу болды.

 

Семинар жұмысына мектеп директорлары, директордың оқу және әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары, бастауыш сынып, жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдері қатысты.

 

Кездесу барысында білім сапасын басқарудың заманауи тәсілдері, оқыту тәжірибесін жетілдіру жолдары мен педагогикалық үдерістің өзекті мәселелері талқыланып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты.

 

Мұндай кәсіби кездесулер педагогтердің әдістемелік әлеуетін арттыруға, тиімді тәжірибелерді таратуға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды алаң болып табылады.

 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ: СТРАТЕГИЯДАН ПРАКТИКАҒА — Өрлеу