Өрлеу

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ – АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ – АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Маржан Анесовна білім беру саласында көп жылдық тәжірибесі бар білікті басшы, өз саласының терең білгірі ретінде танылған. Жаңа қызметінде де институттың стратегиялық дамуын қамтамасыз етуге және педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.


Маржан Анесовна Галимжанова – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірген. «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Ұлыбританиядағы University of Reading университетінде «Білім берудегі менеджмент» бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен. Педагогика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.


Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 34 жыл, басшылық қызметтегі еңбек өтілі – 20 жыл. Біліктілікті арттыру жүйесінде көп жылдық еңбек тәжірибесі бар маман. Осыған дейін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында институт директоры, Атырау облысы бойынша кәсіби даму институтында директор қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында проректор, кафедра меңгерушісі. Орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен. Көптеген ғылыми мақалалардың, монографиялардың, оқулықтардың және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы, ғылыми жобалар мен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға белсенді қатысады.


Көп жылғы жемісті еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» және «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.


Институт ұжымы Маржан Анесовна Галимжанованы жаңа лауазымға тағайындалуымен ізгі ниетпен құттықтайды әрі жауапты жұмысында табыс пен жетістік, игі істерінде сәттілік, шығармашылық шабыт пен биік жетістіктер тілейді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ – АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ — Өрлеу