«ӨРЛЕУ» ҚОСТАНАЙ ФИЛИАЛЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС АЯСЫНДАҒЫ ПӘНДІК КУРСТАР АЯҚТАЛДЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалында мемлекеттік тапсырыс негізінде ұйымдастырылған пәндік курстар өз мәресіне жетті. Оқу бағдарламалары педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және пәндерді оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеруіне бағытталды.
Курстар мына бағыттар бойынша өтті:
- География;
- Информатика;
- Тарих және құқық негіздері;
- Математика;
- Орыс тілі мен әдебиеті (Я1);
- Көркем еңбек;
- Қазақ тілі мен әдебиеті (Т2).
Оқу барысында педагогтер заманауи білім беру технологияларын меңгеріп, жобалық оқыту әдістемесімен жұмыс істеді. Сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық құралдарды тиімді қолдану және цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу дағдыларын жетілдірді.
Курс тыңдаушылары тренерлер ұсынған әдістемелік қолдаудың жоғары деңгейін атап өтті. Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Басқа жаңалықтар

Руслан Ким: «Кибералаяқтықтан қорғану туралы модуль ерекше пайдалы болды»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Жетісу облыстық филиалында «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында ұйымдастырылған курстың тыңдаушысы Руслан Ким оқу барысындағы әсерімен бөлісті.

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕГЕ
Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарында меңгерген білімдері мен дағдыларын педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдануы – үздіксіз кәсіби дамудың маңызды шарты.

Педагогтер «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсынан өтуде
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ҚР Ұлттық Банкімен бірлесіп, педагогтердің қаржылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған ауқымды жобаны жүзеге асырып келеді.