Өрлеу

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»: ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН КЕЗЕКТІ КУРС БАСТАЛДЫ

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»: ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН КЕЗЕКТІ КУРС БАСТАЛДЫ

Жетісу облыстық «Өрлеу» БАҰО филиалында педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы кезекті біліктілікті арттыру курсы жалғасуда.

Курс барысында педагогтер тренер Ғани Өтегенов пен қаржылық сауаттылықтың негізгі ұғымдарымен танысып, жеке қаржыны тиімді басқару, кірістер мен шығыстарды жоспарлау, қаржылық шешімдер қабылдау және қаражатты ұтымды пайдалану бағыттары бойынша білімдерін жетілдіруде.

Оқу бағдарламасы теориялық білім мен практикалық тапсырмаларды ұштастыруға негізделген. Қатысушылар тақырыптық материалдарды меңгеріп қана қоймай, алған білімдерін бекіту мақсатында тренер, Ұлттық банк қызметкері Алия Дюсембаевамен практикалық жұмыстар орындап, күнделікті өмірде кездесетін қаржылық жағдайларды талдауда.

Курс педагогтердің қаржылық мәдениетін қалыптастыруға, экономикалық ойлау қабілетін дамытуға және қаржылық мәселелер бойынша сауатты шешім қабылдау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

«Өрлеу» филиалы педагогтердің кәсіби және тұлғалық дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастыруда.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»: ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН КЕЗЕКТІ КУРС БАСТАЛДЫ — Өрлеу