Өрлеу

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

    «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалында «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Қазақ тілі мен әдебиеті»» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан тыңдаушыларға арналған оқыту аясында Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедраның аға оқытушысы Өміргүл Ертісхан педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша түсіндіру кездесуін өткізді.

    Кездесу барысында қатысушылар пилоттық жобаның нормативтік-құқықтық негіздерімен, аттестаттаудың жаңа тәртібінің ерекшеліктерімен, «Ұстаз» ұлттық платформасының мүмкіндіктерімен, жобаға қатысудың негізгі кезеңдерімен және кәсіби қызметті бағалау рәсімдерімен танысты.

    Сонымен қатар пилоттық жобаға ерікті түрде қатысу, белгіленген мерзімдер мен талаптарды сақтау, сондай-ақ педагогтерге ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

   Мұндай кездесулер педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және білім беру жүйесіндегі заманауи өзгерістерге дайын болуына ықпал етеді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ — Өрлеу