Өрлеу

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институты филиалында «Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект арқылы оқытуды жекелендіру» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

    Іс-шараны қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедраның аға оқытушысы Айнұр Кайруллина өткізді.

    Кездесу барысында тыңдаушылар пилоттық жобаның нормативтік-құқықтық негіздерімен, педагогтерді аттестаттаудың жаңа тәртібімен, «Ұстаз»  платформасының функционалдық мүмкіндіктерімен, жобаға қатысу кезеңдерімен және педагогтердің кәсіби қызметін бағалау тәртібімен танысты. 

   Сонымен қатар педагогтердің пилоттық жобаға ерікті түрде қатысуы, белгіленген мерзімдер мен талаптарды сақтау, құжаттарды рәсімдеу тәртібі және ақпараттық-әдістемелік қолдау мәселелері түсіндірілді.

    Мұндай түсіндіру жұмыстары педагогтердің аттестаттау үдерісі туралы хабардарлығын арттыруға, кәсіби қызметіне қойылатын талаптарды түсінуіне және білім беру саласындағы жаңашылдықтарға дайын болуына мүмкіндік береді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ — Өрлеу