«Өрлеу» СҚО филиалында бюджет есебінен өткізілген біліктілікті арттыру курстарының кезекті легі аяқталды

Екі апта бойы әртүрлі пән мұғалімдері өзекті білім беру бағдарламалары бойынша білім алды. Басты назар «Адал азамат» бағдарламасының тәрбиелік құндылықтарына, оқытудың заманауи тәсілдеріне, сыныпты тиімді басқаруға, цифрлық технологиялар мен білім берудегі жасанды интеллект мүмкіндіктеріне аударылды.
Курс ұстаздары жаңа білім алуға, тәжірибе алмасуға, түрлі құралдарды практикада қолданып көруге және білім алушылармен жұмыс істеуге арналған нақты шешімдермен кәсіби қоржынын толықтыруға мүмкіндік берді.
Алда үш айлық курстан кейінгі қолдау кезеңі бар. Осы уақыт аралығында филиал оқытушылары педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетіп, курста алған білімдері мен дағдыларын тәжірибеде тиімді қолдануға бағыт-бағдар беруді жалғастырмақ.
Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Педагогтерді аттестаттаудың жаңа пилоттық жобасын іске асыруға байланысты Қарағанды облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бірнеше бағытта жүргізілуде.

«ӨРЛЕУ»: НАҚТЫ НӘТИЖЕ МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫС
Білім сапасын арттыру – жүйелі еңбектің, жаңашыл көзқарас пен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі.

АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ПЕДАГОГТЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың аттестаттаудың пилоттық жобасына қатысты берген тапсырмаларын орындау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.