Өрлеу

СҚО «Өрлеу» филиалында бюджеттік біліктілік арттыру курстарының циклі аяқталды

СҚО «Өрлеу» филиалында бюджеттік біліктілік арттыру курстарының циклі аяқталды
СҚО «Өрлеу» филиалында біліктілікті арттырудың кезекті бюджеттік курстарының оқу циклі аяқталды. Оқытуға бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің мұғалімдері, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Бастауыш сынып мұғалімдері ақпарат көздері мен мәтінмен жұмыс істеу тәсілдерінің бүгінгі таңда өзгеруін ескере отырып, цифрлық ортада білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту мәселелерімен жұмыс жүргізді.
Тарих, қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімдері үшін оқыту мақсаты мен нақты оқу нәтижесіне бағытталған МЖМБС талаптарын іске асырудың жаңа тәсілдері басты назарда болды.
Инклюзивті білім беру бағыты аясында педагогтер білім алушылардың оқу қиындықтарын дер кезінде анықтауға және оларды еңсерудің тиімді жолдарын таңдауға мүмкіндік беретін тәсілдерді қарастырды.
Тыңдаушыларды оқу курстарын сәтті аяқтауларымен құттықтаймыз! Алған білімдері мен практикалық құралдарын кәсіби қызметте тиімді қолданып, СҚО «Өрлеу» филиалымен бірге кәсіби дамуларын жалғастыруларына тілектеспіз!
Бөлісу

Басқа жаңалықтар