«ӨРЛЕУ» ФИЛИАЛЫНДА AELLCA БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
«Өрлеу» Қостанай облысы бойынша филиалында «AELLCA бағдарламасы: «Өрлеу» және British Council Kazakhstan бірлескен жобасы аясындағы каскадты оқытудың нәтижелері мен қорытындылары» және «Педагог 2.0: 3 айлық даму жоспары» тақырыптарында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында AELLCA бағдарламасы аясында жүзеге асырылған каскадты оқытудың нәтижелері талқыланып, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар «Педагог 2.0» тұжырымдамасы негізінде педагогтердің алдағы үш айға арналған жеке кәсіби даму жоспарын қалыптастыру, мақсаттарды айқындау және кәсіби өсу бағыттарын жоспарлау мәселелері қарастырылды.
Семинар педагогтердің кәсіби дамуын жүйелі жоспарлауға, халықаралық тәжірибені білім беру үдерісінде тиімді қолдануға және үздіксіз кәсіби жетілуге бағытталды.
Басқа жаңалықтар

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
ҚР Ұлттық банкі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бірлескен жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қарағанды облысы бойынша «Өрлеу» филиалының ұйымдастыруымен педагогтерге арналған қаржылық сауаттылықты арттыру курсы жалғасуда.

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГ МОДЕЛІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАМЫЗ
2026 жылғы 26 қарашада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Ыбырай Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейі» және Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Ыбырай Алтынсарин және заманауи педагог моделі: құндылық, құзыреттілік, инновация» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді