Өрлеу

«Өрлеу» филиалында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы басталды

«Өрлеу» филиалында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы басталды

6 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы аясында алғашқы кітап оқу сессиясы өтті.

Бірлесіп оқу үшін израильдік тарихшы әрі жазушы Юваль Ной Хараридің «Sapiens. Адамзаттың қысқаша тарихы» атты еңбегі таңдалды. Кітапта автор адамзат дамуының негізгі кезеңдерін, маңызды тарихи оқиғаларды және қазіргі қоғамның қалыптасуына ықпал еткен өзгерістерді қарастырады.

Кездесу барысында қызметкерлер оқыған тарауларының мазмұнын кезекпен таныстырып, өз ой-тұжырымдарымен бөлісті. Сонымен қатар автордың негізгі идеяларын талқылап, пікір алмасты.

Акция аясында тағы үш кездесу өткізу жоспарланған. 17 және 20 қарашада кітапты талқылау филиал базасында жалғасады. Ал 27 қарашада өзге өңірлердегі әріптестердің қатысуымен «Кітап көпірі» бірлескен онлайн-сессиясы өтеді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Өрлеу» филиалында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы басталды — Өрлеу