Өрлеу

«СҚО-Өрлеу» филиалында 11 бюджеттік топ оқуын сәтті аяқтады

«СҚО-Өрлеу» филиалында 11 бюджеттік топ оқуын сәтті аяқтады
Бүгін «СҚО-Өрлеу» филиалында біліктілікті арттыру курстарынан өткен 11 бюджеттік топтың тыңдаушылары оқуын сәтті аяқтады.
Бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, тарих, математика, информатика, химия, биология пәндерінің мұғалімдері, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының педагогтері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби біліктіліктерін арттырды.
Курс барысында қатысушылар:
заманауи оқыту әдістемелерін меңгерді;
тәжірибе алмасты;
білім беру үдерісінде тиімді жұмыс істеуге арналған практикалық құралдар алды.
Алда педагогтерді алған білімдері мен дағдыларын тәжірибеге енгізуге бағытталған 3 айлық посткурстық сүйемелдеу кезеңі күтеді.
Педагогтерді оқуын сәтті аяқтауларымен құттықтаймыз! Жаңа білім мен кәсіби жетістіктер тілейміз және сіздерді «СҚО-Өрлеу» филиалындағы келесі курстарда қайта көруге қуаныштымыз!
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«СҚО-Өрлеу» филиалында 11 бюджеттік топ оқуын сәтті аяқтады — Өрлеу