Өрлеу

«СҚО-Өрлеу» филиалында педагогтермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

«СҚО-Өрлеу» филиалында педагогтермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
«СҚО-Өрлеу» филиалында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан педагогтермен жүйелі түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Курстың әрбір ағымы аясында тыңдаушылар филиалдың мерзімді басылымдарымен: облыстық «Педагогикалық ізденіс» журналымен, «Master.KZ» және «Білім берудегі балалар – балаларға білім беру» облыстық газеттерімен таныстырылады.
Филиал мамандары педагогтерге басылымдардың жаңа нөмірлерін ұсынып, жарияланымдарға қойылатын талаптар туралы ақпарат береді. Курс тыңдаушылары әріптестерінің мақалаларымен, практикалық әзірлемелерімен және әдістемелік идеяларымен танысады.
Мұндай жұмыс педагогтерге әріптестерінің кәсіби тәжірибесімен жүйелі түрде танысуға, өз әзірлемелерін ұсынуға және тиімді педагогикалық тәжірибелерді таратуға мүмкіндік береді.
Өтінімдер және мақалалар төмендегі электрондық мекенжайлар бойынша қабылданады:
iprpedpoisk@mail.ru — барлық педагогтер;
gazetaipk@bk.ru — тәрбиешілер, бастауыш сынып мұғалімдері;
masterkzsko@orleu.edu.kz — ТжКБ оқытушылары.
8 (7152) 55-10-23 — анықтама алу үшін.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«СҚО-Өрлеу» филиалында педагогтермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде — Өрлеу